Политика конфиденциальности

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

ОСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Төменде веб-сайт үшін ақпаратты жинау және тарату тәжірибесі сипатталған.

ОЙЫНШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУ

  1. Ойыншының дербес деректерін (яғни "Сіз туралы ақпарат" ретінде осы Құпиялылық саясатында аталатын Сіз жеке сәйкестендірілуіңіз мүмкін Сіздің есіміңіз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз немесеэлектрондық почтаңыздың мекенжайы сияқты Сіз туралы кез келген ақпаратты) Parimatch (соның ішінде оның агенттері мен қызметкерлері), сондай-ақ (қажет болған кезде) біздің серіктестеріміз бен қосалқы мердігерлеріміз ойыншы үшін толық қызмет шоғырын ұсынуға мүмкіндігі болуы үшін өңдейтін болады. Пари-Матчта шот ашу үшін Ойыншы туралы ақпарат оны тіркеген уақытта немесе Ойыншы Parimatch-ға жазбаша сұрату бергенде жинақталады.
  2. Кез келген қызметті пайдаланған кезде Ойыншы өзінің осы Құпиялылық саясатының талаптарын оқығанын әрі келісетінін және Ойыншы бізге Ақпаратты ұсынатын тармақты (күмән тудырмас үшін веб-сайттардың біреуі арқылы бізге сұратуды бергенін не болмаса Ойыншы есепке алу жазбасын тіркеу барысын тек ішінара аяқтаған тармақты қосқанда) мойындайды.

БІЗ ҚАНДАЙ АҚПАРАТТЫ ЖИНАЙМЫЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ

  1. Пари-Матч Ойыншы туралы Ақпаратты:
    • Қызметтің барлық функцияларын толық шамада пайдалана алуы үшін, соның ішінде ұтыстар тігу үшін және ойындар ойнау үшін бізге Ойыншының аккаунтын жасауға мүмкіндік беруі;
    • біздің қолдау қызметінің көмегімен Ойыншыдан сұрақтар мен түсіндірмелер алуға мүмкіндік беру, сондай-ақ оларға әрекет етуге дайын тұру;
    • Ойыншыны тіркеуге қатысты тиісті ережелерді сақтау, мысалы, жасын тексеруді аяқтау және
    • Parimatch-тің болашақ оқиғалары, ұсыныстары мен акциялары туралы Ойыншыға хабарлап отыру үшін жинайды.
  2. Біздің атымыздан деректерді өңдейтін біздің серіктестер мен қосалқы мердігерлермен ақпаратпен алмасуды (соның ішінде тиісті жағдайларда Ойыншы туралы Ақпаратты) қосқанда, жоғарыдағы 1-тармақта аталған мақсаттардың кең тізіміне қосымша Пари-Матч тек мыналар үшін:
    • Ойыншының Шотын жасау, пайдалану және басқару үшін;
    • бізде сұралатын кез келген қызметті ұсыну үшін және осындай ұсынумен байланысты кез келген мақсат үшін;
    • Ойыншы туралы Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін, соның ішінде мұндай ақпаратты (қаржы мекемелерін, жасын тексеруді және кредиттік мекемелердің есептілігін қосқанда) үшінші тұлғаларға ашу үшін және осындай мақсаттармен байланысты (іздестіру туралы есеп сақталатын болады және үшінші тарап тексеру мақсатында басқа компанияларға көмектесу үшін ақпаратты пайдалана алады);
    • Сіздің және басқа клиенттердің Қызметті пайдалануына қатысты статистикалық деректерді дайындау үшін;
    • тиісті жеке маркетингілік материалдарды дайындап, ұсыну үшін;
    • сервистегі маңызды өзгерістер, техникалық жаңарту мәселелері және ережелер жиынтығындағы (оған осы Құпиялылық саясаты кіреді) өзгерістер туралы хабарлау үшін, шот ұстаушыларға жазбаша хабарламаларды мерзімділікпен жіберу үшін;
    • заңнаманың талаптарына сәйкес келу үшін немесе құқықтық процестерді сақтау үшін немесе спорт органдарының немесе басқа құзыретті органдардың мүдделерін қорғауға арналған әрекеттер үшін;
    • қызмет көрсетумен байланысты күдіктенетін заңсыз, алаяқтық немесе басқа құқыққа қарсы қызметті зерделеу үшін;
    • қылмыс жасалғаны туралы немесе күдіктенген қылмыс туралы хабарлау үшін, (ақшаны жылыстату немесе алаяқтықты қосқанда), сондай-ақ
    • Ойыншының алдындағы біздің шарттық міндеттемелерімізді орындау үшін қажетті кез келген басқа мақсаттар үшін Ойыншы туралы Ақпаратты пайдаланатын болады.
  3. Пари-Матч Ойыншыға үшінші тұлғалардың коммерциялық ұсыныстары немесе жарнамасы туралы сұратылмаған ақпаратты жолдамайды.
  4. Пари-Матч Ойыншының пайдаланушысының есімін және/немесе есімі мен аймағын жарнама мақсатында пайдалана алады.
  5. Біздің клиенттерге қызмет көрсету бөліміне және бөлімінен соғылған телефон қоңыраулары оқыту үшін және қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін жазылады.
  6. Егер біз өз бизнесімізді немесе оның кез келген бөлігін беретін немесе сататын болған жағдайда, соның ішінде төлемге қабілетсіз болған жағдайда, біз Ойыншы туралы Ақпаратты бере аламыз.
  7. Егер кез келген уақытта Ойыншы жоғарыда аталған мақсаттар үшін Ойыншы туралы Ақпаратты өңдеуді тоқтатуымызды қаласа, онда Ойыншы бізбен байланысқа шығуы керек және біз оны тоқтату үшін тиісті шараларды қолданамыз.

Ойыншы туралы Ақпаратты жаңарту

  1. Ойыншы кез келген уақытта Пари-Матчтың аккаунтынан "Менің аккаунтым/есепке алу жазбасының егжей-тегжейлері" арқылы (егер қолжетімді болса) немесе қолдау қызметіне байланысып, өзі туралыақпаратты жаңарта алады немесе өшіре алады.